RU
Толық нұсқаға өту

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін алаяқтық жолмен алған

24.10.2026, 12:33 37

Астанада жүргізуші куәліктерін заңсыз рәсімдеген қылмыстық топ әшкереленді.

Тергеу барысында 74 азамат жүргізуші куәлігін алаяқтық жолмен алғаны анықталды. Бұл әрекетке мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының бірқатар қызметкері мен делдалдар тартылған. Олар теориялық сынақ тапсырушыларға тест сұрақтарының дұрыс жауаптарын жеткізіп отырған. Ал орталық қызметкерлері практикалық емтиханның нәтижелерін қолдан өзгерткен. Қазір елорда прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қалалық департаменті жүргізген тергеу аяқталды. Оның аясында алты адамға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Үш күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынса, тағы бір адам үйқамаққа жіберілді. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz