Дөң тау-кен байыту комбинатында 33 жастағы жұмысшы мерт болды. «Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахтаның жұмысшысы вагондардың арасында жаншылып қалған, деп хабарлайды 24KZ.
Оқыс жағдай вагондарды бір-біріне тіркеу кезінде болған. Ауыр жарақат алған ол аудандық ауруханада көз жұмды. Еңбек инспекторлары аталған өндірісте жыл басынан бері 15 оқиға болғанын айтады. Салдарынан екі адам мерт болды. Он күн бұрын сақтандыру бекітпесін орнату кезінде, кеншінің төбесіне тау жынысы опырылып түскен еді. Қазір аталған деректерге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Қуаныш Камиев, Еңбек инспекциясы комитеті облыстық департаментінің бөлім басшысы:
– Алдын ала ақпарат бойынша жұмысшы материал тиелген платформаны электровозға тіркеп, содан кейін кабинаға отырған. Электровоз қозғалып бара жатқанда қызметкер тіркелген платформаны тексеру үшін басын шығарып қараған. Сол кезде көрші жолда тұрған вагонетканың борты мен электровоз арасында қысылып қалған.
Тегтер #24KZ #шахтерлер #комбинат #Ақтөбе #қаза таптыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz