RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Заңсыз интернет-казиноларға ақша аударғандар: 191 млрд теңге айналым анықталды

09.11.2026, 09:24 48

Қаржылық мониторинг агенттігі шетелдік интернет-казинолардың заңсыз жұмысына жәрдемдесіп, 191 миллиард теңгеден астам қаражат айналымын жасаған күдіктілерге қатысты тергеуді аяқтап, істі сотқа жолдады. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікті қамауға алынып, төрт автокөлік пен 103 миллион теңге қолма-қол ақшаға тыйым салынды, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер өз бақылауындағы үш компания мен жүздеген төлем терминалын пайдаланып, Nomadgames, Sultangames, Pinco, Pin-UP, Vavada, Mostbet және 1WIN сияқты интернет-казинолардың пайдасына ақша аударып отырған. Нәтижесінде заңсыз операциялардың жалпы көлемі 191 млрд теңгеге жетсе, ұйымдастырушылардың алған комиссиялық сыйақысы 286 млн теңгені құраған.

Қаражаттың нақты қайда кетіп жатқанын жасыру үшін заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің деректері қолданылған, тіпті кейбір азаматтар өз атына терминалдар тіркелгенінен бейхабар болған. Жалған шарттар мен сайттар арқылы ақша тауарлар мен қызметтердің ақысы ретінде рәсімделіп, шетелге, соның ішінде криптовалюта арқылы аударылып отырған.

Қазіргі таңда іс сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz