RU
Толық нұсқаға өту
кадр бейнежазбадан

Грузияда ұсталған Өзбекстан азаматшасы Қазақстанға экстрадицияланды

12.11.2026, 09:14 30

Грузиядан трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында жеңгетайлық жасады деген күдікке іліккен Өзбекстан Республикасының азаматшасы Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды «24KZ». Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерінің бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде күдікті елімізге жеткізіліп, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған азаматша қылмыстық топ мүшелерімен бірлесіп, «Kyzdar.net» интернет-ресурсында жезөкшелікпен айналысатын және сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын жарнамалау мен ілгерілету жұмыстарымен айналысқан. Олар сайттағы шоттарды толықтыруға өтінімдер қабылдап, түскен қаражаттан өз үлестерін ұстап қалғаннан кейін қалған соманы сайт әкімшілеріне аударып отырған. Осылайша, заңсыз схеманың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен.

Бұл қылмыстық топтың өзге мүшелері бұдан бұрын әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын. Ал аталған күдікті тергеу органдарынан жасырынып жүргендіктен, халықаралық іздеуге жарияланған еді. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың шілде айында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге жеткізіліп отыр.

Қазіргі таңда оған тағылып отырған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz