RU
Толық нұсқаға өту
Коллаж: 24KZ/ҚР ҰҚҚ

Қазақстанда үш айда 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді

24.11.2026, 11:19 21

Қазақстанда 2026 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында есірткі жеткізудің 19 арнасының жолы кесіліп, бес жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның мәліметінше, есірткі жеткізудің 8 халықаралық және 11 өңірлік арнасы анықталған. Сонымен қатар шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы 8 халықаралық операция жүргізілді.

Тәркіленген заттардың арасында 525 келі синтетикалық опиоид, 404,6 келі марихуана, 320,6 келі сора бұталары, 18,4 келі синтетикалық есірткі, 14,2 келі гашиш және 11,1 келі апиын бар. Сондай-ақ күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасы мен 2,6 тонна прекурсор тәркіленді.

Заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 40 азаматы және 5 шетелдік ұсталды. Қазір аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz