Шығыс қазақстандық құтқарушылар ауыл тұрғынын арнайы техникамен жедел жәрдем көлігіне жеткізді, деп хабарлайды 24KZ.
«112» қызметінің хабарлауынша, жол жағдайының қиындығынан жедел жәрдем көлігі Қарағужиха ауылына жете алмаған. Құтқарушылар жол талғамайтын техникамен медицина қызметкерлерін науқастың үйіне жеткізді. Дәрігерлер тексеруден кейін тұрғынды шұғыл түрде ауруханаға жатқызуға шешім қабылдап, өздерімен бірге алып кетті.
Тегтер #ТЖМ #құтқару жұмыстары #эвакуация #науқасPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz