- Қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы ІІБ ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастайды.
- 1994 жылы ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды.
- 1995 – 1996 жылдар аралығында ШҚО Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы болды.
- 01.01.1996 - 19.03.1996 мерзімдері аралығында ШҚО Өскемен қ. қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.
- 1997 – 1998 жылдары ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөліміне басшылық етті.
- 1998 жылы ақпан айында ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
- 01.07.1998 - 17.02.2000 мерзімі аралығында ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы қызметін атқарды.
- 2000 жылы ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы лауазымына тағайындалды.
- 2004-2006 жылдары ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданына ІІО басшылық етті.
- 2006 жылдың қыркүйек айында ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды.
- 2008-2009 жылдары ШҚО ІІД Риддер қ. ІІО бастығы қызметін атқарды.
- 2009 жылдың мамыр айында ШҚО ІІД Өскемен қ. ІІБ бастығы лауазымына тағайындалды.
- 2009 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары лауазымына ауыстырылды.
- Одан кейінгі қызметтік жолы 2013 жылдан 2015 жылға дейін ҚР ІІМ «Р» Департаментінің бастығы лауазымында өтті.
- 2015 жылы көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы болса, наурыз айында көліктегі ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.
- 2016 жылдың маусым айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін Ақмола облысы ПД бастығы қызметін атқарды.
- 2019 ж.24.04. - 2022 жылдың 26 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
- 2022 жылдың 26 қаңтарынан - 2023 жылдың 02 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары болды.
- 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2013 ж.); ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен (2018 ж.); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.) мерейтойлық медалімен марапатталған; ІІО қызметкерлерінің атыс қаруымен марапатталған (2017 ж.).