RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев ірі дербес қордың басшысын қабылдады

14.02.2024, 20:28 640

Қасым-Жомарт Тоқаев Qatar Investment Authority компаниясының бас атқарушы директоры Мансур Ибрагим Әл-Махмудты қабылдады.

Әлемдегі ірі дербес қордың басшысымен кездесу барысында ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және қаржы саласындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы бұл компания мен «Самұрық-Қазына» қоры арасындағы өзара байланыс екі елдің экономикалық серіктестігінің қозғаушы күші бола алатынын атап өтті. Бұдан бөлек, кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығында қазақ-қатар тікелей инвестициялар қорын құру жайлы айтылды. Президент қатарлық компания басшылығын Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz