RU
Толық нұсқаға өту

ҰҚШҰ құрамынан шығып кетуге де болады екен

23.02.2024, 13:52 761

Армения уақытша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатыспайды.

Бұл туралы республика премьер-министрі Никол Пашинян France24 телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Ол, ұйым жұмысына көңілі толмайтынын жасырмады. Сондай-ақ Баку бүгінгі Арменияны "Батыс Әзербайжан" деп санайтынын атап өтті. Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Арменияның кейбір бөлігін басып алуды жоспарлап отыр деп ойлайды.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына 6 мемлекет кіреді. Олар – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz