Үкімет басшысы Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.
Әйел отбасының берекесі ғана емес, ол барша тіршілік атаулының тірегі. Халқымыз ақ жаулықты аналарымыз бен сүйікті аруларымызды ақ бесіктің иесі, шаңырақтың киесі деп әркез аялап өткен. Рухы мықты, білімді, еңбекқор ұлттың болашағы да, бірінші кезекте киелі Ана атымен тікелей байланысты. Бүгінде әйелдер қауымы кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды ұлықтаумен бірге экономиканың барлық саласының дамуына да елеулі үлес қосып келеді, делінген премьер-министрдің құттықтау сөзінде.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz