RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қарин Ұлттық құрылтайда Президент көтерген бастамалардың орындалуы жөнінде кеңес өткізді

18.03.2024, 19:00 807

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атыраудағы Ұлттық құрылтайда Президент көтерген бастамаларды орындау мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Атап айтқанда, уәкілетті мемлекеттік органдар Парламентпен бірлесіп, есірткі өндіргендерге қарсы қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу қажет. Сондай-ақ Ерлан Қарин мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы заңнамаға түзетулер енгізуді тапсырды. Мемлекеттік кеңесші Президент құрылтайда сөйлеген сөзінде мәдени-гуманитарлық және идеологиялық саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық тың тәсілдерін айқындап бергенін атап өтті. Жүктелген міндеттерді орындау үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға Президент ұсынған жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыру тапсырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz