RU
Толық нұсқаға өту

Колумбия жағалауында Қазақстанның төрт азаматы құтқарылды – Reuters

11.07.2024, 16:17 1411

Колумбия жағалау күзеті Кариб теңізінде 4 қазақстандықты құтқарды.

Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Соңғы мәліметке қарағанда, біздің азаматтар өзге елдердің бір топ мигрантымен бірігіп Колумбияның Сан-Андерс аралынан шығып, Никарагуа аумағына жетпек болған. Алайда жолда қайық аударылып, суға батып кеткен. Салдарынан 1 адам ажал құшып, 4 кісі жоғалып кеткен. 15 адам құтқарылды. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, олардың арасында 4 қазақстандық бар. Оның екеуі бала, қалғаны ересек адамдар көрінеді. Алайда еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл ақпаратты растамады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz