RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

09.08.2024, 11:16 739

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнамға құттықтау жеделхатын жолдап, Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz