RU
Толық нұсқаға өту

Кореяда дауыс беру аяқталды

06.10.2024, 17:07 593

Астана уақытымен сағат 16:00-де Оңтүстік Кореядағы номері 390 учаскесі жабылды.

Еске сала кетейін, республикалық референдумде дауыс беру бүгін Сеул мен Токиода басталды. Дауыс беру Қазақстан елшілігінің ғимараттарында өтті. Алғашқы болып Оңтүстік Кореяда қызметтік іссапарда жүрген Камила Маутова дауыс берді. Сеулдегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Жанболат Мурзалиннің айтуынша референдумге Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жүрген және оқитын жастар белсенділік танытты. Дауыс берушілердің көбі түскі уақытта келді.

Жанболат Мурзалин, Сеул қ. референдум учаскесі комиссиясының төрағасы:

- Тізімдегі 140 азаматтың ішінде 90 пайызы дауыс берді. 18 жасқа толған 2 жасымызды атап өткім келеді. Сонымен қатар медицина саласында жүмыс істеп жүрген Сеул ұлттық университетінің ауруханасының дәрігерлері дауыс берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz