RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында референдумды үш мыңға жуық байқаушы бақылап жүр

06.10.2024, 17:55 582

Қостанай облысында референдум барысын 3000-ға жуық байқаушы бақылап жүр.

Олар осыған дейін республикалық «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы ұйымдастырған оқу курсынан өткен. Өңірдегі дауыс беру учаскесінің барлығында дерлік аталған ұйым өкілдері бар. Байқаушылар учаскенің ашылған сәтінен бастап, жабылғанға дейінгі аралықтағы іс-әрекеттерді кітапшаға тізіп, жазып отырады. Заң бұзушылықтар болса, жеке акт толтырады.

Диана Ракпанова, "Jarqin Älem" үкіметтік емес ұйым басшысы:

- Облыс бойынша әр учаскеде шамамен 5-6 байқаушыдан бар. Оның сыртында әр аудан, қалада олардың жұмысын үйлестіріп отыратын мобилді капитандар бар. Байқаушы кітапшаны тапсырып, тиісті ақысын алғаннан кейін, жазбалар облыстық штабта жіберіледі. Бұл жерде барлық ақпарат сарапталып, тиісті қорытындысы шығарылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz