RU
Толық нұсқаға өту

Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

29.10.2024, 09:17 1538

Моңғолияға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорданың аспасөз қызметі хабардайды.

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz