RU
Толық нұсқаға өту

Сенат төрағасы М. Әшімбаев В. Матвиенкомен кездесті

12.12.2024, 15:05 845

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та елімізге ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесіп, қос тарап парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды, деп хабарлайды 24KZ.

Мәулен Әшімбаев Валентина Матвиенконы Ресейде бүгін аталып өтіп жатқан Конституция күнімен құттықтай келе, аталған датаның символикалық мәніне назар аударды. Бүгінде көп қырлы Қазақстан-Ресей байланысы барлық негізгі бағыт бойынша тиімді дамып келе жатыр. «Бұған ең алдымен мемлекет басшыларының өзара қарым-қатынасы ықпал етіп отырғаны анық», – деді Сенат төрағасы. Кездесуде сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, туризм, цифрландыру және басқа да басым бағыттарды дамыту бойынша екі ел парламенттері алдындағы міндеттер белгіленді. Өз кезегінде Валентина Матвиенко Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерді жоғары бағалап, парламентаралық байланысты әрі қарай жандандыруды көздейтін перспективалық салаларға назар аударды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Ресей – Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық серіктесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас – берік және мызғымас достықтың үлгісі. Ынтымақтастықтың барлық саласында өзара іс-қимылдың дәйекті және тиімді дамуы осындай қатынастың дәлелі екені сөзсіз. Бұл сапар да парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары серпінін сақтауға өз септігін тигізеді деп сенеміз. Жалпы біздің негізгі міндетіміз – мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді іске асыруға ықпал ету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz