RU
Толық нұсқаға өту

Елде әлеуметтік төлемдерге ₸5,3 трлн бөлінді

31.12.2024, 11:05 1139

Биыл республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бағытталды. Бұл - бюджет шығыстарының жалпы көлемінің 22%.

Аталған қаражат 4,5 млн азаматты қолдауға бағытталған. Жыл басынан бері базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін өсті. Бұл 28 215 теңге, ал ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 100%-дан 105%-ға дейін артып, 45 578 теңгені құрады. 4,3 млн азаматтың шоттарына жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары аударылды. Сондай-ақ биыл зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылды. 13 мың адамға жаңа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz