RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев Үндістан Премьер-министрін құттықтады

27.01.2025, 15:23 650

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz