Қазақстанның АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу тәжірибесі Үндістандағы халықаралық конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды 24KZ. Жиында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров баяндама жасады.
Оның айтуынша, референдум – ел өміріндегі маңызды оқиғаға қоғам болып үн қатудың жарқын мысалы. Ол сондай-ақ ауыл және аудан әкімдерін сайлаудағы жаңашылдықтарға тоқталды. «Бұл жергілікті басқарудағы және саяси жүйені реформалау жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті Нұрлан Әбідров. Іс-сапар аясында Үндістан, Бутан және Ирландияның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерімен екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz