RU
Толық нұсқаға өту

Ауыл әкімдері Астанада біліктілігін арттырып жатыр

17.02.2025, 17:30 675

Өңірлерде жергілікті тұрғындар таңдаған әкімдердің 60%-і бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ал елді басқару оңай шаруа емес. Осыған орай Астанада жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру курсы басталды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен жиында жобаның негізгі бағыттары айтылды. Соның ішінде бюджетті тиімді пайдалану, коммуналдық меншікті басқару, инвестиция тарту және цифрлық жүйені қолдануға басымдық беріліп отыр. Курс мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Бұл аралықта 2 мыңнан астам ауыл әкімін қамту көзделген.

Ерлан Әбіл, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

- Қанша дегенмен ел басқару, жергілікті жерді басқару арнайы біліктілікті қажет етеді. Сайланған әкімдерге халық сенді. Енді біздің мақсатымыз – сол халық сенген әкімдерге қажетті құзыреттіліктерді беру, білімді беру. Бұл курстар академияның филиалдарының базасында, облыс орталықтарында өтеді. Сабақар оффлайн және онлайн форматта өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz