Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты.
Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz