Астанада Сот сараптама орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысы ұсталды. Олар 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Құзырлы органның мәліметінше, сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтауға 10 млрд теңгеден аса қаржы бөлінген. Алайда күдіктілер астыртын келісім жасасып, жабдықтың құнын үш есе қымбат көрсеткен. Оған қоса мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда өздеріне білгілі компанияның жабдықтарын жазған. Мүлікті тәркілеу кезінде құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар банк есепшоттарындағы 1,6 млрд теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның қаражаты бұғатталды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz