Елде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы құрылады. Бұл мемлекеттік технологиялық инфрақұрылым жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу, тестілеу және оқытумен айналысады.
Сондай-ақ елде жасанды интеллект жүйелері қауіптілік тәуекелдері деңгейіне қарай төмен, орташа және жоғары қауіпті деп үш топқа бөліп қарастырылады. Сонда жасанды интеллект жүйелерінің мемлекет, қоғам және қолданушылар қауіпсіздігіне потенциалды әсерін реттеуге мүмкіндік туады. Бұл жайында заң жобасын әзірлеушілер Мәжілісте құжатты таныстыру барысында баяндады.
Жоба 7 тарау, 28 баптан тұрады. Бірқатар маңызды мәселені заңмен реттеу көзделіп отыр. Жасанды интеллектінің экономикаға белсенді енгізілуі салдарынан жұмыссыздықтың артуының алдын алу шаралары қажет. Медицина, қаржы, қауіпсіздік салаларында жасанды интеллект жіберген қателік үшін кім жауапты болатынын заңнамалық негізде айқындап алу керек. Заңнамалық реттеу шаралары жасанды интеллектіні пайдаланудың ашықтығын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, салаға инвестиция тартуды көздейді. Қазір үкімет жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын әзірлеп жатыр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz