RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан-Әзербайжан серіктестігі серпіле түсті

03.03.2025, 15:05 852

Қазақстан мен Әзербайжан байланысы беки түседі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 533 млн долларға жетті.

Енді біздің тарап бауырлас мемлекетке құны 340 млн доллардан асатын шикізаттық емес тауарлардың 130 түрін жеткізуді арттыруға дайын. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ресми сапармен Бакуге барып,  Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің қабылдауында болды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Екі мемлекеттің басшылары арасындағы сенімді қарым-қатынастың арқасында Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығы серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне көтерілгеніне тоқталды.

Ізін ала Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөз өткізді. Мұнда сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы серіктестік талқыланды. Былтыр Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдау көлемі 62%-ға өсіп, 4,5 млн тоннаға жетті. Екі елдің темір жолдары арасында Digital Trade Corridor платформасын интеграциялау аяқталды. Тараптар енді екіжақты тауар айналымын неғұрлым жоғары деңгейге көтеру үшін бар күш-жігерін жұмсауға ниетті екенін растап отыр. Ал кездесулер соңында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz