RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады

04.03.2025, 22:59 754

Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясы 152 елдің бірлескен авторлығымен Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарарды консенсус негізінде қабылдады. 

Бұл туралы бүгін өзінің Telegram парақшасында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

Президент Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін барлық серіктесімізге ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысының пікірінше, БҰҰ-ның Аймақтық хабы халықаралық іс-қимылды үйлестірудің маңызды алаңына айналады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz