RU
Толық нұсқаға өту
фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы жаңа тағайындаулар жасады

11.03.2025, 15:47 1029

Президенттің өкімімен Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz