RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық құрылтайға қатысушылар еліміздің әр өңірінен келді

13.03.2025, 07:12 835

Ұлттық құрылтайдың жұмысы елдің тарихи жадын жаңғыртуға, ұлттық құнды­лықтарды ұлықтауға

және жаңа саяси мәдениет қалыптастыруды көздейді. Құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары Ұлытау, Түркіс­тан, Атырау сияқты тарихи маңызы бар қалаларда өтіп, қоғамдағы өзекті мә­селелерді талқылауға және шешімдер қа­былдауға мүмкіндік берді.

Енді міне аңыз бен ақиқаттың мекені Көкшенің күмбезіндей көтерілген Бурабайдағы құрылтайға да елдің әр өңірінен жұрт ағылып келді. Осылайша Ұлттық құрылтай Қазақ­станның қоғамдық-саяси өмірінде маңыз­ды рөл атқарып, ұлтты біріктіру және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолында қызмет етеді. Құрылтай өңірлерді басқаруда жергілікті қауымдастықтар рөлін күшейту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етті дейді, құрылтай мүшелері.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz