Елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуы тиіс.
Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәселеге қатысты пікірталасты доғарып, оны саясиландырудың қажеті жоқ, деді. Себебі Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылаған. Арнайы зерттеулер жүргізілген. Шешімге күмән келтіретін қоғам белсенділерінің қаупі мен күдігі расталған жоқ, дейді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Біздің кең-байтақ жеріміз бар. Халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді. Логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын. Оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz