RU
Толық нұсқаға өту
t.me/Minenergokz

Энергетика вице-министрі ШЫҰ Бас хатшысымен кездесті

25.03.2025, 21:20 1107

2025 жылғы 24 наурызда Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілиясмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі Энергетикалық ынтымақтастық стратегиясын және Ұйым аясында қабылданған өзге де бағдарламалық құжаттарды іске асырудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, ШЫҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары, оның ішінде мүше мемлекеттердің энергетикалық өтпелі кезеңді жүзеге асыру және энергоинновацияларды енгізу жөніндегі күш-жігерін қолдау мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

✔️Бас хатшы сұхбаттасын ШЫҰ қызметін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, соның ішінде салалық ынтымақтастық механизмдерінің тиімділігі мен практикалық қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар жайында хабардар етті.

t.me/Minenergokz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz