RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік басқару жүйесінде мәслихаттардың рөлі күшейді

04.04.2025, 13:49 957

Елімізде Мемлекеттік және өзін өзі басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі күшейе түсті, деп хабарлайды 24kz.

Маңызды шешімдер қабылдауда мәслихат депутаттары батыл қадам жасай бастаған. Бұл туралы Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Әсіресе, әлеуметтік саланың аяқ алысына оң ықпал етіп отыр. Жалақы мен шәкіртақы өсіп келеді. Бюджет қаражатын тиімді игеруді қадағалау күшейді. Нәтиже бар. Мәселен биыл 200-ге жуық мектеп ашылады. Үш жыл ішінде 1300 оқу ошағы қайта жөнделеді. Ел ауылдарында соңғы жылдары 263 медициналық нысан бой көтерді. Биыл жыл соңына дейін осындай тағы 188 нысан ашылады.

Тағы айта кетерлігі, Сенат мәслихаттарды заң шығару барысына да қатыстыруды көздеп отыр. Мәселен, жаңа Бюджет кодексін қарау кезінде 90-ға жуық түзету енгізілді. Олардың айтарлықтай бөлігі өңір мәслихаттарының бастамасымен ұсынылған. Мәселен жақында Сенатта Салық және Құрылыс кодекстері, Банктер туралы жаңа заң талқыланады. Осы заңдарды қарауға да мәслихат депутаттары үлес қоспақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz