Қазақстан Парламенті Израиль Кнессетімен инновациялық даму, су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда заң шығару бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі. Бұл жайында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Израиль мемлекеті Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесу барысында айтты.
Елімізге сапарлап келген мәртебелі мейман біздегі реформалардың нәтижелерін жоғары бағалап, барлық бағыт бойынша байланысты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Бірлескен жобаларды іске асыру жайы да қарастырылды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік секторды дамыту, заманауи жылыжай кешендерін және тамшылатып суару жүйелерін өндіретін зауыт салу, сондай-ақ су инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жобаларды іске асыруда өзара жәрдемдесу мәселелері сөз болды. Бұдан басқа, тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сегізінші съезіне тоқталып, аталған форумның күн тәртібіндегі басым бағыттардың өзектілігін атап өтті.
Тегтер #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz