RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекеттеріне жаңа жүйе енгізеді

09.04.2025, 07:40 1157

Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы өткізу пункттеріне «жасыл» және «қызыл» дәліз жүйесін енгізеді, деп хабарлайды 24KZ. Жоба қыркүйек айынан бастап іске қосылады. Жарлыққа Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв қол қойды.

Жаңа жүйе Ташкент облысындағы «Гишткуприк», Қазақстан тарапында «Жібек жолы» және «Қапланбек», сондай-ақ Қарақалпақстандағы «Дәуіт-ата» өткізу бекеттеріне енгізіледі. Талапқа сәйкес тауар тиеген көліктер «жасыл» дәліз арқылы тексерістен жылдам өтеді. Ал «қызыл» дәлізге түскен жүк машиналарына барлық кедендік талаптарға сәйкес бақылау жүргізіледі. Жоба әзірге пилоттық негізде жұмыс істейді. Егер ол тиімді нәтиже беріп жатса, 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзбекстанның барлық шекара пунктеріне енгізу жоспарланған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz