RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Су кодексіне қол қойды

09.04.2025, 21:12 648

Мемлекет басшысы жаңадан әзірленген Су кодексіне де қол қойды.

Маңызды құжаттың алғашқы бөлігі су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Бұл азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су нысандарын ластанудан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық өзендерді пайдалану саласында ел мүддесіне қызмет етеді. Су кодексінің екінші бөлігі саланы басқару тәсілдерін қайта қарастырады. Одан өзге құжатта тасқыннан келетін зиян мен залалдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар қамтылған. Саладағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz