Қазақстан мен Кипр енді осы екі елде сотталған адамдарды ұстап беруге келісті, деп хабарлайды 24kz.
Бүгін Сенатта осыған қатысты заң мақұлданды.
Айта кетейік, келісімге былтыр Астанада қол қойылған. Құжат екіжақты халықаралық құқықтық салада ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Еліміз бұған дейін әлемнің 26 елімен осындай шарт жасасқан болатын. Тағы бір айта кетерлігі, бүгінге дейін Қазақстан мен Кипр аумағында қылмыс жасаған азаматтар жоқ. Алайда, Бас прокуратура екі ел арасындағы кез-келген қылмыстың алдын алуды жөн көріп отыр. Ал, бүгінде 1000-нан астам отандасымыз түрлі шет елде жазасын өтеп жатыр.
Тегтер #Қазақстан #Кипр #сотталғандар #экстрадициялауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz