RU
Толық нұсқаға өту

Қызылордада Құрылтай тапсырмаларын іске асыру жайы талқыланды

11.04.2025, 13:15 946

Қызылордада Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды 24KZ. Аймақ басшысы Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын Сыр өңірінде өткізудің маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшының бұл шешімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы екенін айтты.

Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталды. Бүгінде Қызылорда облысының бюджеті 750 млрд теңгеден асқан. 3 жыл бұрын бұл көрсеткіш 364 млрд теңге болатын. Өңірде Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынып жатыр. Аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Құны 892 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу жайында да келісім орнатылған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz