Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының жұртшылығымен кездесу барысында елдегі салық реформасы жайында пікір білдірді.
Президент: «Шын мәнінде, біз салық саясатын қатаңдатпаймыз, керісінше ретке келтіреміз», - деді. Бұған дейінгі құжатта салық жеңілдігі экономиканың белгілі бір салалары мен бизнестің нақты санаттарын қолдау мақсатында енгізілген еді. Бірақ кәсіпкерлер жеңілдікті бас пайдасына жаратып, салықтан жалтарып, бизнестерін бөлшектей бастаған. Президент мұндай жағдайға жол бермейтіндігімізді айтты. Қазақстан жаппай офшор аймағына айналып кетпеуі керек. Ал қазір Парламентте мүлдем жаңа Салық кодексі қаралып жатыр.
«Құжат бизнестің де, мемлекеттің де мүддесін ескеріп, кәсіпкерлерді салықты дұрыс төлеуге ынталандыруға тиіс», - деді Президент. Қосымша салық түсімдері бюджетті ұлғайтып, жаңа мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандар салуға мүмкіндік береді. Ашық және тұрақты салық жүйесі еліміздің инвестициялық әлеуетін күшейтеді. Мемлекет басшысының айтуынша, осының бәрі азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына, тұтас экономиканың өсіміне, түптеп келгенде, бизнестің дамуына тиімді әрі пайдалы болмақ.
Тегтер #салық саясаты #Қасым Жомарт Тоқаев #экономика #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz