Еуропа кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық Азияда тұрақты дамудың аймақтық орталығын құру бастамасын қолдап отыр, деп хабарлайды 24kz.
Тиісті декларацияға 12 елден 21 парламентарий қол қойған. Құжат Қазақстандағы гуманитарлық жобаларға қолдау көрсетуге шақырады. Соның арқасында 2027 жылы 100-ден аса ауғанстандық әйел Орталық Азия университтерінде білім ала алады.
Айта кеткен жөн, Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда тұрақты даму орталығын құру туралы бастамасын 2019 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеяының 74-сессиясында жария еткен еді.
Лаура Кастель, Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының депутаты:
- Біз Қазақстанға әйелдерге қатысты БҰҰ-ның бастамаларын іске асыру бойынша қолдау көрсету аса маңызды деп санаймыз. Қыз-келіншектердің құқықтарын кеңейту 2015 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясымен әзірленген бесінші тұрақты даму мақсаттарына сай келеді. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте Қазақстан өңірде көшбасшылық рөл атқару керек.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #декларацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz