Бүгінде Африка және Таяу Шығыс аймағында 158 азаматымыз бітімгерлік қызметпен жүр. Болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында өтіп жатқан басқа да миссияларға қатысу жоспарланған. Осылайша Қазақстан жер жүзіндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға белсенді түрде атсалыса береді. Президент әскерилермен кездесуінде олардың азаматтық борыш пен әскери антқа адалдық танытып, шынайы патриотизмнің үлгісін көрсеткенін айтты.
Тегтер #бітімгерлер #Қасым Жомарт Тоқаев #қорғаныс #24KZ«Жалпы әскери бөлімдер мен күштік құрылымдардың беделі мен даярлық деңгейі едәуір өскенін де жеткізді. Мәселен, қылмыспен күрес, терроризм мен есірткі бизнесіне тосқауыл қоюда тиімділігін көрсетіп келеді. Бірақ босаңсуға мүлде болмайды», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Алдағы міндет – мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту. Ал «Заң мен тәртіп», отаншылдық пен жауапкершілік – әскери қызметшілерге ғана емес, елдің барлық азаматына ортақ аса маңызды құндылықтар. Біз бәріміз осылайша Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз», – деді Мемлекет басшысы.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz