Эр-Рияд қаласында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы парламентаралық ынтымақтастық пен рухани дипломатияны нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды 24kz.
Онда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Корольдіктің консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті. Тараптар заң шығару тәжірибесімен алмасу бойынша атқарылып жатқан жұмысты атап өтіп, алдағы кезеңге қойылған міндеттерді белгіледі. Мәулен Әшімбаев азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы сын-қатерлерді еңсеру бойынша корольдік бастамаларын жоғары бағалады. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сауд Арабиясы – Қазақстанның жетекші стратегиялық әріптестерінің бірі. 30 жыл ішінде екіжақты қарым-қатынас барлық бағыт бойынша жоғары деңгейде дамып келеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Сауд Арабиясының Қазақстанның Ислам әлеміндегі, жалпы әлемдегі ең бір жарқын бауырлас мемлекет ретінде қарастырамыз. Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған, қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі екенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Жалпы екі елдің қарым-қатынасының осылай қарқынды дамуы екі елдің басшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қос киенің сақшысы – Король Салман бен Әбделазиз Әл-Сауд арасындағы тығыз қарым-қатынастың, достықтың, сенімге негізделген диалогтың нәтижесі екені сөзсіз.
Тегтер #Қазақстан #Сауд Арабиясы #ынтымақтастық #Мәулен ӘшімбаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz