Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық ассамблеясының көктемгі сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Биылғы жиын Жеңістің 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан Парламент спикерлері алдымен халық қаһармандарын еске алу ескерткішіне гүл қойды. Таврид сарайы залында сұрапыл соғыс жылдары аянбай еңбек еткен ақ халатты абзал жандарға арналған «Жеңіс дәрігерлері» атты фотокөрме ашылды. Салтанатты жиынға қатысқан Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Жеңіс күні қазақстандықтар үшін айтулы дата екенін атап өтті.
Айта кетейік, бұл соғысқа Қазақстаннан аттанған 1 млн 200 мың адамның жартысынан көбі елге оралмады. 500-ден аса жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Қазақстан Президентінің бастамасымен былтыр «Айбын» орденінің дәрежелері халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен аталды. 7 мамырда Астанада Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай әскери шеру өтеді. Мереке қарсаңында, әрбір ардагерге қосымша 5 млн теңгеден бір реттік жәрдемақы беріледі. Бұл сома ТМД елдері арасындағы жоғары көрсеткіштердің бірі.
Тегтер #Жеңістің 80 жылдығы #дайындықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz