30 жылда Ассамблея – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық органға айналды.
Жыл сайын ортасы толып, жасампаздығынан жаңылған жоқ. Ұйым мен қайырымдылық егіз ұғым екенін сын сағаттарда көріп, куә боп жүрміз. Осы ретте Президент Ассамблея мүшелерінің еңбегі өлшеусіз екенін айтып, ризашылығын білдірді.
Енді құрылымды дамытудың жаңа тұжырымдамасы қабылданады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея жұмысы аймақтарда айрықша көрініс тауып, тіпті аудандарда достық үйлерін ашуды ұсынды. Ақпараттық тұрғыдан да айшықтау қажеттігін айтты. Яғни бұқаралық ақпарат құралдарында әр ұлттың бірлікті бекемдеу жолындағы тірлігі дәріптелуі тиіс.
Тегтер #президент #ҚХА 30 #келісімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz