RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев: Отанымызға қамқор болу – ортақ парызымыз

24.04.2025, 13:40 507

«Біз еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатудың жолын кесіп келеміз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз». Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 34-нші сессиясында осылай деді.

Сөйтіп сөз еркіндігі деп арандатуға жол беріп жүрген жандарға ескерту жасады. Президент елден көшіп кетіп, мемлекеттік органдарды бопсалап отырған бұрынғы азаматтарымызға бағыттап, "демократияны біреудің қаржысымен орнатуға болмайтынын" айтты. Бұдан кейін көк паспортымыздың беделі артқанын жеткізді. Бұл құжат ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Мұның бәрі Қазақстанды жайлы әрі өмір сүруге қауіпсіз аумаққа айналдыруға бағытталған күш-жігеріміздің нәтижесі" деді. Осы ретте Қастерлі Отанымызды көркейту – баршаға ортақ парыз екенін еске салды. Әсіресе «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, қолдау білдірген жандарды көпке үлгі етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:

- Менің бастамаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 млн-нан астам адам қатысты. 1,6 млн тоннадан аса қоқыс жиналды. 3,3 млн көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан» – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz