Қасым-Жомарт Тоқаев экстремизм мәселесіне де кеңінен тоқталды.
«Дүниежүзі сенім дағдарысымен бетпе-бет келген шақта экстремистік идеологияның оралуы, популизм мен талас-тартыстың өршуі, халықаралық құқықтың құнсыздануы, негізгі халықаралық институттардың әлсіреуі байқалады», деді ол. Сондықтан Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң ұстануды, Ұйымды реформалауды дәйекті түрде ұсынып келеді. Президент бүгінде БҰҰ баламасы жоқ ғаламдық ұйым болып қала беретінін, оны қолдайтынымызды жеткізді. Еліміз түрлі мемлекеттер мен аймақтардың арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, өркениетті диалогты дамытуға дәнекер болу үшін көп күш жұмсап келеді. 20 жылдан аса уақыттан бері барлық негізгі конфессиялардың өкілдері әр үш жыл сайын Қазақстанда бас қосады. Биыл күзде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті VIIІ съезін өткізу жоспарланып отыр.
Тегтер #президент #БҰҰ #ҚХА 30
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz