RU
Толық нұсқаға өту

Бірлік пен жауапкершілік жолындағы ассамблея рөлі

24.04.2025, 13:55 622

Қазақстан Халқы Ассамблеясының ардагерлері «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысып жүр. Бұл жұмыс Ассамблея әлеуетін ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыруда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгін сессия барысында президент осындай сенім білдірді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Ассамблея жанындағы жастар ұйымдары – «Ассамблея жастары», Студенттік Ассамблея, Жас ғалымдар клубы, «Жаңа толқын» жобасы – мыңдаған жасқа бірлік, ынтымақ, отаншылдық және азаматтық жауапкершілік мектебі бола білгенін атады. Бұл құрылымдар елде жаңа қоғамдық этиканы орнықтырып, «Адал азамат» қағидатын кеңінен насихаттап келеді. Сондай-ақ, этносаралық түсініспеушіліктердің алдын алуда Ассамблеядағы этномедиация институтының маңызы зор екеніне де тоқталды. Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев институт мүшелері күн сайын көзге көрінбейтін, бірден нәтиже бермейтін, алайда ұзақ мерзімді, стратегиялық тұрғыдан тиімді, ауқымды жұмыс жүргізіп келе жатқанын да ерекше атап өтті. Өткен жылдың өзінде Ассамблея барлық өңірде 15 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырды. Оған 1 миллионға жуық адам қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Былтыр көктемгі су тасқыны кезінде азаматтарымыз зардап шеккен жандарға көмек қолын созып, ырысты ынтымақ пен бірліктің тамаша үлгісін көрсетті. Ассамблеяның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында 12 мыңнан астам ерікті ортақ іске жұмыла кірісті. Олар гуманитарлық көмек пен жылу жинады. Қираған үйлерді қалпына келтіруге атсалысты. Жалпы, ел бірлігін нығайту ісінің стратегиялық маңызы ерекше. Соның айқын дәлелі ретінде Ассамблеяның «Ел бірлігі» ордені атты жаңа мемлекеттік награда тағайындалды. «Бірлік» ұғымы қазіргі дүние жүзіндегі тұрақсыз жағдайда аса маңызды. Әлемде, әсіресе, біздің айналамыздағы кейбір елдерде не болып жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан шын мәнінде, «Бірлік бар жерде ғана тірлік бар». Бұл – ақиқат».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz