RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Алматы облысында Достық үйін салу қажет

24.04.2025, 14:00 655

Халық тығыз қоныстанған Алматы облысында Достық үйін салу қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

Бұл ғимарат аймақтың қоғамдық өмірі үшін өте маңызды орталық болмақ. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея филиалдарын ашу керектігін айтты. Сонымен қатар Достық үйлері тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарланып отыр. Президент бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді. Себебі,  қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейту керек. Барлық аймақтағы Достық үйлерін отандастарымызбен қатар  шетелдік қонақтар да баратын туристік бағыттар картасына енгізген жөн. Бұл тұста Үкімет пен әкімдер Ассамблеяның басқа да жобаларын қоғамдық-саяси жұмыс жоспарларына қосып, нақты шаралар қабылдау қажет деп тапсырды. Айта кетейік, жаңа Достық үйі былтыр  Түркістанда ашылған. Сонымен қатар,  ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеудің маңыздылығын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу маңызды. Бұл – Ассамблеяның барлық құрылымына, әсіресе, журналистер клубына қатысты кезек күттірмейтін міндет. Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек. Қазақстандағы этностардың тілінде шығатын, ең алдымен, өңірлердегі бұқаралық ақпарат құралдарына жүйелі түрде қолдау көрсеткен жөн.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz