Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Тараптар әскери қызметшілер арасындағы олимпиадалық қозғалысты және Халықаралық әскери спорт кеңесінің спорттық бастамаларын қолдау, спорттық инфрақұрылымды дамыту және спортшыларды даярлаудың тиімділігін арттыру бойынша уағдаласты. Сондай-ақ, Генерал-полковник Руслан Жақсылықов жақын арада Алматыда әскери-спорт колледжі ашылатынын, онда тәрбиеленушілер спорттық, әскери даярлық пен орта-техникалық білім беруді жетілдіретінін атап өтті. Бұл ауылдық аймақтағы жастарға жол ашып, спортта биік белестерді бағындыруға мүмкіндік бермек. Айта кеткен жөн, Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінде 12 олимпиадалық спорт түрі бар. Өткен жылы әскери қызметшілер Олимпиада ойындарына 21 лицензия ұтып алып, армия спортшысының төртеуі Париж Олимпиадасының жүлдегері атанған.
Геннадий Головкин, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің президенті:
- Біз бірлескен жұмыстарға әзірміз. Жастарды қолдауға әрқашан ашықпыз. Мұның не үшін жасалатынын жақсы түсінеміз және жауапкершілігін сезінеміз.
Тегтер #қорғаныс министрлігі #Ұлттық Олимпиада комитеті #меморандумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz