Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында криминалистикалық полигон ашылды.
Толық жабдықталған оқу бөлмесінде аяқ-киім мен саусақ іздері, айғақ-дәлел макеттері сияқты шартты қылмыс орны ұйымдастырылған. Бұдан былай болашақ судьялар оқыс оқиға орнында жүргендей тәжірибесін іс жүзінде шыңдай алады. Полигонның ашылу салтанатына Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент депутаттары мен сот әкімшілігінің басшылық құрамы қатысты. Қонақтар Академияның жұмысымен танысты. Академия қабырғасында Мемлекет басшысының Қазақстан судьяларының IX Съезінде берілген тапсырмаларын іске асыру барысы талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар Сот төрелігі академиясының 2025-2027 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы аясында іске асып жатқаны айтылды.
Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Біліктілігін дәлелдеген үміткерлердің негізгі тобы конкурссыз судья қызметіне қабылдану тетіктері қарастырылған. Яғни академияның әлеуеті, негізгі мүмкіндігі артып отыр. Ал енді сол мүмкіндікті жақсы пайдалану Жоғарғы Сот Кеңесі академиясының негізгі қызметіндегі бағыт-бағдары саналады. Түптің түбінде Мемлекет басшысының қойып отырған талабы ашық сот, әділ сот, халықтың сеніміне ие болу.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ең маңыздысы Конституциялық реформалардан кейін Сот жүйесіндегі реформа деп саналады. Президенттің айтқан тапсырмалары ол мына сот жүйесіндегі судьяларды академияда дайындалады. Осының ішіндегі үлкен реформаларды Жоғарғы Сот Кеңесінде өткізіп жатыр.
Тегтер #Жоғарғы Сот #сот төрелігіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz