RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қарин ҚХА сессиясында Президент айқындаған міндеттерге қатысты пікір білдірді

25.04.2025, 23:11 558

Қазақстан халқы Ассамбелясының мерейтойлық сессиясы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттарын айқындаған тағы бір маңызды оқиға болды. Мемлекет басшысы кең ауқымды өзекті мәселелерге тоқталды. Президент қазіргі көптеген сын-қатерлерге қарамастан, ұлтаралық келісімді нығайту барлық мемлекеттік органдардың, әсіресе халықаралық аренадағы күрделі шиеленіс пен белгісіздік жағдайында басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысы Ассамблея қызметіне жоғары баға беріп, оның этносаралық қатынастар саласындағы барлық мемлекеттік саясатты дамытудың жаңа перспективті рөлін айқындады. Тарихқа сындарлы, объективті көзқарас қажеттігін тағы да атап көрсетті. Алда келе жатқан Ұлы Жеңістің ерекше маңыздылығын да тілге тиек етті. Еліміз бойынша 500-ден астам көшеге майдангерлердің есімін беру туралы шешім боздақтардың рухына құрметпен қарайтынымыздың белгісі, – деп жазды Ерлан Қарин.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz