Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Сөйтіп, Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгтың ыстық ықыласын жеткізді. Ол өз сөзінде 1959 жылдың тамызында Президент Хо Ши Мин Қазақстанға ресми сапармен келгенін еске алды. Дәл осы кездесу екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен ұзақмерзімді серіктестіктің негізін қалады деді. Қасым-Жомарт Тоқаев та елімізде Вьетнам мәдениетінің күндерін өткізудің маңызына тоқталды. Бұдан соң мәртебелі мейманға Отан қорғаушы күні қарсаңында әскери шеру өтетінін айтып, Қазақстан мен Вьетнамның әскери-техникалық серіктестігін нығайтуға отандасымыз, генерал-лейтенант Жансен Кереевтің елеулі үлес қосқанын жеткізді. Ол 1982 жылы Вьетнам халық армиясы штабының аға кеңесшісі ретінде іссапарға жіберілген. Осылайша Вьетнам Қарулы күштерін құрысып, қорғаныс қабілетін нығайтуға атсалысты. Кездесу соңында Президент Бас хатшы То Ламның елімізге сапары қазақ-вьетнам достық байланыстары тарихындағы жаңа кезеңге жол ашатынына сенім білдірді.
Тегтер #То Лам #Қазақстан #Вьетнам #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz